Жобаның тұжырымдамасы
STEAM – бұл аралас оқыту ортасын білдіретін жаһандық білім беру үрдістерінің бірі және балаға ғылым мен өнерді күнделікті өмірде қалай бірге қолдану керектігін көрсетеді. Дәл осы «Steam-технологиялары» педагогтерге жас ұрпақты табысты зерттеушілер, өнертапқыштар, ғалымдар, технологтер, суретшілер және математиктер дайындауға мүмкіндік береді. Ол пәнаралық және қолданбалы тәсілді қолдануға, сондай-ақ барлық бес бағытты біртұтас даму жүйесіне біріктіруге негізделген. STEAM- білім (S – science – жаратылыстану ғылымы, T – technology – технология, E – engineering – инженерлік өнер, A – art – өнер, шығармашылық, M – mathematics (математика).
Заманауи білім беру жеке тұлғаның негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға, балалардың мәселені өз бетінше шешуге қабілетін дамытуға, біліммен әрекет ету қабілетін арттыруға, зияткерлік қабілеттерін дамытуға көбірек бағыт береді. Балабақшада STEAM-зертханасы, LEGO –орталықтары үшін жағдай жасау балалардың білім алу форматын өзгертеді. Біздің мектепке дейінгі тәрбиеленушілеріміз мектептің инновацияларына дайын болуы тиіс. Сондықтан мектепке дейінгі білім беруді дамыту векторы STEАM- технологиясының әлеуетімен сәйкес келеді.
STEАM- технологиясының артықшылықтары:
- қызығушылықтарын дамытады;
- инженерлік дағдыларды дамытуға көмектеседі;
- командада жұмыс істеуге қажетті қасиеттерді алуға мүмкіндік береді;
- жасалған іс-шаралардың нәтижесін талдай білуге ықпал етеді;
- мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін жақсартуға әсер етеді.
STEM-технология – білім берудің модульдік бағыты, оның мақсаты - баланың ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу мүмкіндігі мен зияткерлік қабілеттерін дамыту. Әрбір модуль нақты міндеттерді шешуге бағытталған, олар біріктірілген кезде STEM білім беру мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:
-танымдық – зерттеу іс-әрекеті процесінде зияткерлік қабілеттерін дамыту және мектеп жасына дейінгі балаларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу.
- «Ф.Фребельдің дидактикалық жүйесі» оқу модулі:
- қоршаған дүние объектілерімен тәжірибе жасау;
- геометриялық денелермен және фигуралармен әрекеттесу арқылы математикалық ақиқатты игерту;
- кеңістіктік қатынастарды меңгерту;
- әртүрлі бұрыштар мен проекцияларда жобалау.
- «LEGO –құрастыру»
- тәжірибелік және ақыл-ой эксперименттерін жүргізу, жалпылау, сөйлеуді жоспарлау және өз іс-әрекеттерінің үдерісі мен нәтижесіне түсініктеме беру қабілеті;
- ана тілінде еркін сөйлеу (сөздік, сөйлеудің грамматикалық құрылымы, фонетикалық жүйе, семантикалық құрылым туралы қарапайым түсініктер);
- жаңа бейнелер жасау, қиялдау, аналогияны қолдана білу.
- «Математикалық даму» білім беру модулі.
- есеп, сан, уақыт, кеңістік, пішін,көлем сияқты бағытта балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық даму мәселелерін кешенді шешу.
- «Роботтық техника» білім беру модулі.
- логика және алгоритмдік ойлауды дамыту;
- бағдарламалау негіздерін қалыптастыру;
- модельдеу, жоспарлауға қабілеттерін дамыту;
- ақпаратты өңдеу;
- абстракциялау және заңдылықтарды табу қабілеттерін дамыту.
- «Тірі және өлі табиғатқа эксперимент жасау» білім беру модулі.
- тәжірибелі эксперименттік іс-әрекетте қоршаған әлем туралы түсініктерін қалыптастыру;
- көру арқылы қабылдау процесінде барлық тірі заттардың бірлігін сезіну;
- экологиялық сананы қалыптастыру.
Ұсынылып отырған жобаның білім беру жүйесін дамытудағы маңыздылығын негіздеу
Жоба сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу МЖМБС талаптары міндеттерінің бірі болып табылады:
- танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған ортамен өзара әрекеттесу үшін қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттердің қарапайым дағдыларына ие болуын болжайды;
-балалардың жас және жеке ерекшеліктері мен бейімділігіне сәйкес дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, әрбір баланың қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту.
Жоба «ҚР-ның мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің даму моделі» міндетіне сәйкес келеді:
- ғылым, білім, технология және инновация саласында кадрлық әлеуетті дамыту.
Бұл жоба мектеп жасына дейінгі балалардың бірізді емес шешімдер қабылдау қасиеттерін, ғылымға, техникаға, білімге, мәдениетке деген қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық ойлауын, бастамасын, іскерлік қабілетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін және STEAM – технологияларын мектепке дейінгі білім берудің оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді көздейді. Жобаны жүзеге асыру бұл қызметті жүйелеуге және оны жоғары сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Балабақшада инновациялық жобаның жүзеге асырылу нәтижесінде зерттеушілік, жобалық қызметтер, инженерлік графика, жаратылыстану ғылымы, математика, роботтық техника саласында тәрбиеленушілердің технологиялық құзыреттілігін дамыту үшін вариативті орта құрылуына мүмкіндік туады.
Жоба мектеп жасына дейінгі балалармен білім беру үдерісінде STEAM - білім беруді енгізудің оң тәжірибесіне сүйене отырып, осы технология элементтерін кішкентай балалармен жұмыс жасауға жобалауға көмектеседі.
- Жобаның мақсаты:
Балалардың танымдық іс-әрекет үдерісінде зияткерлік қабілеттерін дамыту және оларды мектеп жасына дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу үшін STEAM – технологияларын пайдалана отырып, ынталандырушы білім беру ортасының моделін құру.
Жобаның міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде балалардың ғылыми-техникалық шығармашылық пен зияткерлік белсенділігінің алғышарттарын дамыту үшін ынталандырушы білім беру ортасының қолданыстағы үлгілерін талдау;
- мектепке дейінгі ұйымның материалдық- техникалық базасын дамыту, мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеуде STEAM – технологияларын қолдануды бағдарламалық- әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
- мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі білім беру ортасына бейімдеу, онда мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің мазмұнын кіріктіру, ойын құралдары мен материалдардың үйлесуі, өз бетінше әрекет ету үшін құрал-жабдықтардың қолжетімді болуы, нәтижелерді көрсету мүмкіндігі;
- балалардың зияткерлік қабілеттерін, сыни ойлауын дамыту үшін жағдай жасау, танымдық-зерттеушілік әрекеттер мен ғылыми-техникалық шығармашылық үдерісінде ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
- STEAM – технологияларын қолдана отырып, тәрбиеленушілермен жұмыс жасауда педагогикалық кадрларды ынталандыру мен құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
- Жоба нәтижелілігінің критерийлері:
- «№68 «Балбұлақ» балабақшасы»МКҚК балаларымен оқу қызметінде педагогтердің кәсіби құзыретттіліктерінің деңгейін көтеру;
- әдістемелік көмекті ұйымдастыруда педагогтердің қанағаттану дәрежесін жоғарылату;
- балалардың танымдық үдерісте деңгейін жоғарылату.