«Бекітемін»
№68 «Балбұлақ»
балабақшасының меңгерушісі
_____________ К.К.Асанова
«_____»____________ 2022 жыл
№68 «Балбұлақ» балабақшасында ұйымдастырылатын
«Үздік жас маман»
байқауының шарты:
Өтетін күні: 11.11.2022ж
Музыка залы.
Байқаудың мақсаты:
Мақсаты: Жас тәрбиешілердің біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Байқау бөлімдері
1. Таныстыру сайысы
Бұл сайыста байқауға қатысушы өзін қызықты етіп таныстырады.
Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, слайд бейне жазба т.б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс.
2. «Өнерлінің өрісі кең»
Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-5 минут).
3. «Білікті маман – Ел тірегі»
Сұрақ-жауап (мектепке дейінгі педагогика және психологиялық сұрақтар)
4. «Мамандығым – мақтанышым»
1. Бұл кәсіптің қасиетін, мағынасын ашатын болғандықтан негізгі сайыс. Қатысушы өз мамандығы туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін дәйекті негіздермен дәлелдейді:
Презентация; «Менің педагогикалық қызметім»