Әдіскер

Білімі: Жоғары.

Диплом бойынша мамандығы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. 2007ж. «Мектепке дейінгі оқыту: педагогикасы мен әдістемесі».

Жұмыс орны : №68 «Балбұлақ» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, әдіскер

Білім беру ұйымындағы еңбек өтілі: 26 жыл

Санаты: 2- санатты әдіскер

Жетістіктері:

ІІ дәрежелі Диплом, Астана Гуманитарлық колледжі әлеуметтік серіктестерімен «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудағы жаңашылдық пен тәжірибе» тақырыбында ХІІ қалалық ғылыми - тәжірибелік конференциясында белсене қатысқаны үшін, 2018 ж.

Алғыс хат, Мектепке дейінгі балалар арасында өткен «Олимпиадалық үміт» жарысында велосипед спортын дамытуға үлес қосқаны және шараға белсене қатысқаны үшін "велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК, 2018 ж.

Республикалық медаль, «Жылдың үздік ұстазы-2018» білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін, 2018 ж.

Алғыс хат, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін, БҒМ, 2020 ж.

Алғыс хат, 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні мерекесімен білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін, Нұр –Сұлтан қаласы әкімнің орынбасары, 2021 ж.

Алғыс хат, Ұстаздар күні мерекесіне орай, Астана қаласы Білім басқармасы, 2022 ж.

 

Нұр –Сұлтан қаласы әкімдігінің

№68 «Балбұлақ» балабақшасы МКҚК

 

Іскерлік ойын

«Көркем-эстетикалық әлемге саяхат»

Орындаған әдіскер : Луксанова Ф.Б

 
 

Іскерлік ойын

«Көркем-эстетикалық әлемге саяхат»

Мақсаты: тәрбиленушілердің көркем – эстетикалық даму мәселесі бойынша педагогтердіңбілімдерін жүйелеу, шығармашылық белсенділікті, әрекеттің келісілімдікті, өзара көмек пен ұжымдықты дамыту.

Көрнекіліктер: мультимедиялық презентация, фломастерлер, фишкалар, парақтар, палитралар, қатты қағаздан жасалған түсті дөңгелектер, ойынға қатысушыларды марапаттау үшін Дипломдар.

Ойын ережесі:

Басқаларды тыңдай білу, мәселенің ортақ шешімін шығару, ойынға белсенді қатысу, тіл мәдениеті мен әдептілікті сақтау, регламентті ұстану

Ойынға педагогтерден құрылған екі топ қатысады.

Жеребенің көмегімен екі топқа бөлінеді. Дұрыс жауап берген әр топқа фишкалар беріліп отырады. Ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз топ анықталады.

-Біз бекеттер бойынша саяхат жасаймыз. Әр топтың міндеті - қиын жолдан сүрінбей өтіп, соңғы бекетке жету. Жол өте ұзақ, бір бекет пен екінші бекеттің арасы әр түрлі. Тапсырмаларды топ қаншалықты тез әрі дұрыс орындаса, соңғы бекетке жетуге соншалықты тез мүмкіндік болады.

1-бекет. «Сәлемдесу»

Педагогтер топ атауын ойластырып, әр топ өз эмблемаларын дайындайды және бір топтың ұранында «сурет салу» сөзі қолданылса, екінші топтың ұранында «бояу» сөзі қолданылу керек.

2-бекет. «Қиял».

«Балалардың көзімен сурет сал» ойыны.

Педагогтерге келесі тақырыптар бойынша сурет салу ұсынылады:

1-топ: «Жағымды – жағымсыз», «Қуаныш – мұң»

2-топ: «Әдемі – ұсқынсыз», «мейірімді -дөрекі» . Жұмысты аяқтаған соң әр топ өздерінің салған суретіне түсініктеме береді.

3-бекет. «Миға шабуыл»

«Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» жаттығуы.

Топтарға сұрақтар ұсынылады:

1. Сурет салу ҰОҚ -де қолданылатын материалдарды атаңыз.

(Жай қарындаш, түрлі түсті қарындаштар, өшіргіш, балауыз қарындаштар, әр түрлі мөлшерлі қылқаламдар, гуашь, акварель бояулар)

2. Үш негізгі түстерді атаңыз және олардың неге негізгі екенін дәлелдеңіз.

(Қызыл, сары және көк. Олар араласқан кезде жарық спектрінің барлық түстері пайда болады.)

3. Балабақшада сурет салудың дәстүрлі емес техникасын атаңыз.

(сурет салудың дәстүрлі емес түрлері жұмыстың ерекше тәсілдерімен және әр түрлі көркемдік материалдар үйлесімділігімен ерекшеленеді: жіппен, қолмен, саусақтармен сурет салу, заттық монотипия, кәдімгі кляксография, түткшемен кляксография, акварель бояуы мен шырақтың үйлесілімдігі, картоп мөрлері, шашырату, жұмыртқа қабығы, жартылай құрғақ қылқаламмен, сауасқпен сурет салу, қақпақпен бедерлеу, алақанмен сурет салу, картоптан жасалған таңбалар, поролон бедері, жапырақтан, өшіргіштен жасалған таңбалар бедері, балауыз қарындаштар және акварель бояулары, штрихпен сурет салу, мыжылған қағазбен сурет салу, пейзаждық монотипия, түртіп сурет салу, трафареттің көмегімен басып шығару, акварель қарындаштары)

4. Ермексазбен жұмыс жасау сабақтарында қолданылатын негізгі тәсілдерді атаңыз.

(жаю, тегістеу, созу, жағу)

4-бекет. «Музыкалық»

«Музыкалық іс-әрекеттің әртүрлі құралдарымен балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту»

Музыка жетекшісі: Басшиева Л.К

Топ басшысы ортаға шығады.

1.Мына сөйлемді таңқаларлық, қуанышты, сұраулы, ашуланшақ, мейірімді, сабырлы, немқұрайлы оқыңыз: «Неше кеше кесе сынды? Неше кесе кеше сынды?»

2. Қар патшайымының қалай сәлем беретінін, Карлсонның қалай қуанатынын көрсетіңіз.

5 –бекет.

Жұмыстың іс -тәжірибесінен:

"Инновациялық технологиялар мектеп жасына дейінгі балаларды көркем – эстетикалық тәрбиелеудің құрамдас бөлігі ретінде»

Тәрбиеші: Карабекова К.М.

6-бекет. «Ойлану» (педагогикалық жағдаятты шешу)

1-топқа•

Аналар арасында мынадай әңгіме туындады: «Сіздің балаңыз қалай керемет сурет салады! Менің баламның қолынан келмейді. Ұқыпты сурет сал деп неше рет айтамын, болмайды».

-Ал сіз сурет салуға үйретіп пе едіңіз?

-Мен баламды сурет салуға жиі отырғызамын. Бірақ суреттері жаман. Мүмкін, оның қабілеті жоқ шығар?».

Жаман сурет салатын баланың шешесі дұрыс қорытынды жасады ма? Өз баласының қабілетін, білігін дамытуға құштар ата-анаға қандай кеңес беруге болады?

2-топқа•

Әкесі баласына (2 жас3 ай) түсті қарындаштар сатып алды. Бала сурет сала бастады, бірақ оның суреттері айналасындағы заттарға ұқсамады. Ол қарындашты қатты ұстағандықтан, сызықтар нашар сызылды. Өзі қалағандай шырша шықпады. Анасы балаға сурет салу әлі ерте екенін айтты. Дегенмен әкесі қарындашты баласының қолынан шығармай, қағаз бетінде жүргізе бастады: «Қане, бірінші екеуміз бірге салайық, сосын бір зат салынады». Екеуі сурет салып отыырп, әкесі дауыстап балаға қандай бейне салынып жатқанын айтып отырды. Соның нәтижесінде қағазда салынған бейнені бала өз бетінше түсіне бастады.

Ата-аналар әрекетін талдаңыз: кімдікі дұрыс және неге?

7-бекет. «Бейнелеу өнерінің калейдоскопы"

• Теңізді бейнелеуді ұнататын суретшіні қалай атайды? (маринист, анималист)

• Тұрмыстық заттар, гүлдер және т.б. бейнеленген кескіндеме жанры (натюрморт)

• Адам келбетін бейнелейтін суретшіні қалай атайды? Әскери әрекеттер (портретист, баталист)

• Типографияда жасалған суретшінің туындысын нақты жеткізу

(репродукция)

• Табиғатты бейнелеуді ұнататын суретшіні қалай атайды? (пейзажист)

• Сурет нысаны (натура)

• Суретшінің өзін-өзі бейнелеуін қалай атайды?(автопортрет)

8-бекет. «Соңғы аялдама».

Сіздерді соңғы аялдамаға келуіңізбен құттықтаймын. Сіздер бүгін жақсы жұмыс жасап, педагогикалық кеңесіміздің тақырыбы бойынша білімдеріңізді жаңарттыңыздар.

Ойынды қорытындылайық. (топтардың балдары саналады, жеңімпаздары марапатталады)

Әділ қазы алқасы әділ шешімін шығарғанша, біздер ойынды қорытылайық.

Кері байланыс. «Менің көңіл-күйім»:

Педагогтердің қолдарында бос палитралардың суреттері бар (3 түсті таратамыз – жасыл, қызыл, сары): «Бояғыштарды жандандыру»

жасыл түс - маған бәрі ұнады, мен оны балалармен және ата-аналармен жұмыста қолданамын.

сары түс - Маған ұнады, бірақ кейбір сәттер ғана қиындықтар туғызды.

қызыл - бұл ұнамады, қызықсыз болды.

Бүгін біз көркемдік-эстетикалық әрекет туралы айтып жатырмыз, сондықтан мына нақыл сөз де сол туралы болмақ:

«Екі данышпан адамдар қалай өмір сүріп жатқанын көру үшін, бүкіл әлемді шарлап шығады. Бір кішкентай ғана қалашықта олар үлкен тасты көтеріп жүрген адамдар тобын көреді. Оларға тастар өте ауыр екені және қолдары жаралы, беттерінен тері аққаны байқалады. Данышпандар бұны көріп, адамдар немен айналысып жатқанын білгісі келеді.

-Не істеп жатсың?- деп олар бір адамнан сұрады.

-Мен жоғарыға тастарды тасып жүрмін.

-Ал сен не істеп жатсың?- деп олар тағы біреуден сұрады.

-Мен балаларымды асырау үшін жұмыс жасап жатырмын.

-Ал сен не істеп жатсың?- деп данышпандар үшінші бір адамнан сұрады.

- Мен Құдайдың үйін салып жатырмын.

Осыдан кейін данышпандар қарапайым ақиқатты түсінді: не істеп жатқаның маңызды емес, ол жұмысқа өзіңнің көзқарасың қандай екені маңызды.»

Сіздер үшін бүгінгі ойын танымдылық қабілеттеріңізді ашты деп сенемін. Қатысқандарыңыз үшін рақмет!

Нұр –Сұлтан қаласы әкімдігінің

№68 «Балбұлақ» балабақшасы МКҚК

 

Инклюзивті білім беру бойынша

«Зертте, емде» іскерлік ойын-практикумы

 
 

Орындаған әдіскер : Луксанова Ф.Б


 

Инклюзивті білім беру бойынша

«Зертте, емде» іскерлік ойын-практикумы

Іскерлік ойын: «Зертте,емде»

1-2 слайд

Мақсаты: инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтердің психологиялық- педагогикалық құзыреттілін арттыру

Көрнекіліктер: тақта, бор, парақтар, қаламдар

Ойын барысы:

Соняның өлеңі:

3-слайд

Маған қорқынышты. Басым қатты ызыңдайды.

Басымда сөздер сыртқа сұранады:

«Әлемге жібер, сыртқа, тысқа!»

Бірақ менің аузым құлыпта.

Ал кілті құлыптың миымда.

Қалайша оған қол жеткізем?

Айтыңдаршы, өтінем, өтінем.

Өмірде мылқау болғым келмейді,

Алайда қорқыныш бойымды билейді.

Сөздер туады, өмір сүріп, ғажайыптар жасайды.

Басымдағы әлемде жарқырап шығады, бірақ

Бірақ соңында өледі.

Сөздерім өмірге келгенін қалайды,

Осы жалғанда ғана өмір сүре алады.

Қалайша бірақ? Кеңесті кім береді?

Мүмкін, оларды адамдар түсінбес?

Сөздерім өзгеріп, болар елес.

Қабылдай алмай оны ешкім

Кеудемнен мені де итерер әркім.

Бұдан соң қалайша өмір мен сүремін,

Қорқыныш билейді бойымды ылғи.

Басылмай басымның ызыңы тұр әлі.

Жүргізушінің комментарийі: (Соня Ш., аутизм дертіне шалдыққан қыз бала. Осы өлеңді жазғанда сегіз жасар болатын)

4 -слайд

1. Құрметті педагогтер, бүгін мен «Мүмкіндікті пайдалан, тәуекел ет» атты астарлы әңгіме айтқым келеді.

Мақсаты: өз мүмкіндігін анықтау.

(Курбакова О.П.)

"Ертеде бір патша өз сарайындағы адамдарды шақырып алып, сынамақшы болады, ондағы мақсаты – сарайдағы ең жоғары лауазымға лайықтысын таңдап, отырғызу. Көптеген данышпан да мықты кісілер патшаның қасына жиналады. Ол келгендердің барлығын бақтың шалғай бұрышындағы есікке алып барады. Есік өте биік және жерге терең батып кеткендей еді. «Мына зор есікті кім аша алады?» - деп сұрады патша. Әрқайсысы бірінен соң бірі алға қарай шығып, есікке сынай қарап, «жоқ, аша алмаймын» деп шетке кетіп қалып жатты. Кейбіреулері «аша алмаймын» деген сөзді естіп, есікке мүлдем жақындамады. Тек бір уәзір есікке жақындап, оған мұқият қарап, қолымен түртіп көрді де, бірнеше әдіспен қозғалтты. Бір кезде қатты жұлқып қалып еді, есік ашылып кетті. Есік онша қатты жабылмаған еді, тек ниеттеніп, батыл әрекет ету керек еді. Сол кезде патша былай деді: «Сен сарайдағы ең жоғары лауазымға ие боласың, себебі сен көргенге және естігенге сенбей, өз күшіңді салып әрекет еттің және өз мүмкіндігіңді жіберіп алмай, тәуекел еттің».

- Басқа үміткерлер неліктен есік ашу үшін өз мүмкіндіктерінен бас тартты? (жауап)

- Соңғы үміткердің қандай мінезі сипатталады? (жауап)

«Адамдар жағдайды өз сезімімен қабылдап, оны нақты бағалап, дұрыс шешім жасап жатқандай болады. Бірақ мұндай сезім адамды жиі алдайды және дер кезінде дұрыс логикалық шешім жасауға мүмкіндігі болмай жатады. Сонда бұл қалай болғаны? Қарапайым жауап – өз сезімің мен шешіміңнің дұрыстығын тексеріп көру керек. Философиялық анықтама – «Тәжірибе – ақиқат критерийі»

Соңғы жиырма жылда көптеген қолайсыз жағдайлардың әсерінен психикалық және соматикалық дамудың түрлі формалары бар балалар саны күрт өсті.

5 - слайд

Инклюзия деген не?

6 – слайд

Инклюзивті білім беру – арнайы білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктердің әртүрлілігін ескере отырып, барлық балалардың білімге деген қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде Ресейде 2 миллионнан астам мүмкіндігі шектеулі балалар бар (барлық балалар санының 8 пайызын құрайды, оның 700 мыңға жуығы – мүгедек балалар. Осы санаттағы балалар саны жыл сайын өсуде).

Сондай- ақ соңғы жылдары жаңа тенденция байқалды – ата- аналар балаларын жабық мектеп- интернаттарына жібергісі келмейді. (олардың мүмкіндігі жоқ) және оларды жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларға орналастыра отырып, отбасында тәрбиелеуде. Ата-аналардың бұл тілегі заңмен бекітілген.

Инклюзивті білім балаларға қатысты кез-келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды міндеттерінің бірі.

МҮГЕДЕК БАЛАЛАР –ауру немесе жарақат алу салдарынан өмір белсенділігіндегі шектеулі балалар.

7- слайд

Мүмкіндіктері шектеулі балалар (МШ) – бұл денсаулық жағдайы жалпы білім берудің бағдарламаларын білім беру мен тәрбиелеудің ерекше жағдайларынан тыс дамуға кедергі келтіретін балалар, яғни олар мүгедек балалар немесе мүгедек деп танылмаған, бірақ физикалық не ақыл-ой дамуындағы уақытша немесе тұрақты ауытқулары бар және арнайы білім мен тәрбиені қажет ететін 18 жасқа толмаған балалар. Олар әртүрлі сипаттағы және ауырлық дәрежесіндегі физикалық және ақыл-ой дамуындағы бұзылуларға ие болуы мүмкін (есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, ақыл-ойдың артта қалуы, интеллект, аутизм спектрінің бұзылуы және дамудың көптеген бұзылулары) уақытша және жеңіл алынатын қиындықтардан тұрақты ауытқуларға дейін, олардың мүмкіндіктеріне немесе арнайы білім беру бағдарламаларын пайдалануға бейімделген жеке оқыту бағдарламасын қажет етеді.

-Әріптестер, айтыңыздаршы, мүмкіндігі шектеулі бала бір уақытта мүгедек болуы мүмкін бе немесе керісінше мүгедек болмауы мүмкін бе? (жауап)

Мүмкіндігі шектеулі бала мүгедек болуы мүмкін емес, әлі медициналық – әлеуметтік экспертиза құптаған жоқ. Кей жағдайда мүмкіндігі шектеулі бала бір уақытта мүгедек те болуы мүмкін. Немесе керісінше мүгедек бала мүмкіндігі шектеулі балаға жатпауы мүмкін.

Инклюзия туралы алғашқы идеялардың бірі балалардың мамандырылған мектептер мен балабақшалардан олардың тұрғылықты жеріндегі мектептерге немесе арнайы сыныптардан сыныптарға, жалпы білім беру топтарына қарапайым «ауыстыру» болды. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл әлеуметтік бейімделу деңгейін көтеру және сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру деңгейін жақсарту үшін жеткіліксіз. Және көбінесе барлық балалар үшін оқу процесінің бұзылуына әкеледі.

8- слайд

2. «Инклюзивті білім беру» түсінігінің анықтамасын таңдаңыздар:

а) барлық балалар физикалық, интеллектуалды және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне енгізілген және жалпы білім беретін ұйымдарда өз құрдастарымен бірге оқитын білім;

б) әр адамға қол жетімді, әртүрлі оқу қажеттіліктерін қанағаттандыруға икемді білім беруді дамыту, әр оқушыға барынша қолдау көрсету және оның әлеуетін барынша ашу;

в) білім беру үдерісінің барысы мен нәтижесін сапалы түрде жақсартатын педагогикалық жүйенің жаңалықтары.

- Көптеген сұрақтар туындайды: педагогтер, мамандар, балабақша меңгерушілері жаңаша жұмыс жасауға дайын ба және мүмкіндігі шектеулі баланың білімі сапалы болу үшін е істеу керек?

Сондықтан, әріптестер, алдымен, әрқайсысымызды толғандыратын мәселе туралы сөйлесіп алайық.

9 -слайд

3.»Неге мұңаясыз?» жаттығуы.

Мақсаты: инклюзивті білім беруді ендірумен байланысты мәселені айқындау.

-Педагогтер, бір- біріңізге «Неге мұңаясыз?» деп кезек-кезек қараңыздар. Жауап ретінде педагог «Мен ... жөнінде мұңаямын.» деп өз мәселесін айту керек және ол мәселе инклюзивті білім беруді ендірумен байланысты болу керек. (тақтада барлық мәселелерді жазады)

Құрметті педагогтер, бәріңіз де байқап отырсыздар, мәселе бар және ол өте көп. Оларды тағы да белгілеп алғандарыңызды сұраймын (санамалап оқып береді)

10- слайд

4. "Синквейн" жаттығуы (2-топқа бөлінеміз)

Мақсаты: педагогтердің танымдық белсенділіктерін іске қосу

Бізде туындаған қиындықтармен күресу үшін, бізге «Инклюзивті білім беру» түсінігін терең талқылап алу керек. Ол үшін мен сіздерге «Инклюзивті білім беру» түсінігіне синквейн құрастыруды ұсынамын. Синквейн деген француз тілінен аударғанда «бес» және «бес жолдан тұратын өлең» дегенді білдіреді.

11-слайд

5. «Мен жобалаушымын» жаттығуы.

Мақсаты: инклюзивті білім беруді мектепке дейінгі мекеме практикасына енгізуге байланысты педагогикалық ұжым жұмысының негізгі бағыттарын анықтау.

12-слайд

МДҰ-да арнай жағдай жасау, мемлекет пікірі бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қажетті жағдай жасау (артығын тап)

-даму ортасының болуы;

-арнайы білім беру бағдарламасын және оқыту мен тәрбиелеу әдісін қолдану;

- арнайы оқулықтарды, арнайы құралдар мен дидактикалық материалдарды, ұжымдық және жеке қолданатын оқытудың арнайы техникалық жабдықтарды қолдану;

- ассистент қызметін ұсыну (балаларға қажетті техникалық көмек көрсететін көмекші)

- жеке және топтық түзету сабақтарын өткізу;

- МДҰ-ны оқытудың қажетті техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;

- тәрбиешінің арнайы білімі болуы;

-педагогтерді ынталандыру үшін еңбек жалақысын көтеру.

13-слайд

6. Ойын «Балабақша» динамикалық кідіріс (15 мин)

Жүргізуші бір ойыншыны шақырады. Ол балабақшада жұмыс істейтін қызметкер атауы жазылған кестені таңдайды. Ойыншыдан басқалары жазылған сөзді көрмеуге тиіс. Олар сол мамандыққа қатысты сұрақтар қояды және қандай мамандық екенін тауып алады. Ммандықтар: психолог, бас аспазшы, іс жүргізуші (хатшы)

Сұрақтар: Сіз балалармен, ата-аналармен жиі сөйлесесіз бе? Сіз шығармашыл адамсыз ба? Мақал-мәтел, жаңылтпаш, өлеңдер көп білесіз бе? Жұмысқа келіп, алдымен не істейсіз? Балалардың көңіл күйін әрқашан сезесіз бе? Сіз ән айтып, билеп, музыкалық аспата ойнай аласыз ба? Қалай ойлайсыз, сіздің жұмысыңызға қосымша білім қажет пе? Келеңсіз орындарда ұрыс-керісті жиі шешесіз бе? Сіздің жұмысыңызға жеке кабинет пен биік кереует керек пе? Сізідң жұмысыңыз қиын ба? Сіздің қолыңыз мықты ма? Спортты жақсы көресіз бе? Дойбы ойнай аласыз ба?

14-15 слайд

7. «Сіздің түсінігіңіз!»жаттығуы

Сіз мына ұғымды қалай түсінесіз «Балалардытүсінбейтін жерге шығармаңыз»

Осы пікірмен келісесіз бе, неге?

16- слайд

8 «Мына ойды жалғастыр: …»жаттығуы

8 ұстаным

• Адамның құндылығы қабілеті мен жетістігінен тәуелді емес;

• Әр адам сезуге және ойлауға қабілетті;

•Әр адам сөйлесуге және өз пікірін айтуға құқығы бар

• Жан-жақтылық адам өмірінің барлық қырын күшейтеді;

• Шынайы білім шынайы қарым-қатынас аясында жүзеге асуы мүмкін;

• Барлық адамдар құрдастарының достығы мен қолдауын қажет етеді;

• Барлық балаларда жетістік болуы мүмкін, тіпті қолынан келмеген жағдайда, болуы ықтимал;

• Барлық адам бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, яғни бір-біріне қажет.

Б.Шоудың пікірінше, инклюзивті білім берудің басты принципы « Енді біз құстай ауада ұшуды, балықтай суда жүзуді үйреніп алғанда, бізге ... жерде өмір сүруді үйрену қалды» (адамша)

17-слайд

9. «Мысық» жаттығуы.

Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші газетті шеңбер бойымен бір-біріне беруді өтінеді. Содан кейін осы газетте мысық ұйықтап қалғанын елестетуін сұрайды және газетті бір-біріне бергенде, мысықты оятып алмайтындай өте ұқыпты беру керектігін ұсынады.

Жаттығу соңында жүргізуші мынаны ескертеді: дәл осындай ұқыптылықпен ерекше балалармен жұмыс жасау маңызды.

18-слайд

10. «Мүгедектің анасы»жаттығуы.

Мүгедек баланың анасының ролін сомдайтын қатысушы таңдалады. Жолақтардың көмегімен жүргізуші мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қоғамда қандай қысымшылық көретінін көрсетеді.

Топ сұрақтарға жауап береді.

«Мүгедектің анасы» жаттығуы. Кесте

Дененің бір бөлігі (жолақпен байланады). Символдық белгі.

Көз. Өз баласын қабылдау ата-аналарына қиын, оның қандай екенін көру қиын; қоғамға шығару қиын және адамдардың «көз алдында болу» ауыр.

Ауыз. Ата-аналар өз баласы туралы айтуға қорқады, ол туралы айтуға, өзінің қиындығы мен қажеттілігі туралы айтуға қиналады.

Құлақ. Ата-аналар баланың диагнозын естігісі келмейді және қоғам пікірі мен талқылауын естігісіі келмейді.

Қол. Ата-аналар өздерін байланғандай сезінеді, олардың өмірі өзгереді және көп нәрседен шектеледі. Өз баласын емдеуге күші жетпейтіндей қорқыныш болады, адамның көңіл күйі түседі.

Жүрек. Толассыз ауырсыну, үнемі сезім. (жүрек жарылады, жүрек ауырады).

Іш. Бұл- демалу аймағы, өмірдің күші мен қуатының орталығы. Дамуында ауытқушылығы бар балалардың отбасы «жартылай күшпен өмір сүреді», «жартылай деммен дем алады».

Бөксе. Көптеген ата-аналар бала туудан қорқады, ерлі-зайыптылық қатынас бұзылады, отбасылық түсініспеушілік қалыптасады.

Аяқ. Ата-аналарға өмірді әрі қарай жалғастыру қиын. Олар өздері «қадам жасаудан» қорқады, баланы да өз бетінше өмірлік қадам жасаудан шектейді. Отбасы қатып қалады, дамымайды.

Педагог-псхологтің комментарийі: дамуында ауытқуы бар балалардың ата-аналары осындай оқшаулануға және әлеуметтік «коконға» тап болады. Сіз бұл жағдайды туыстарыңыз бен ерекше балалармен жұмыс жасайтын адамдардың жылуы мен қолдауын сезіну арқылы жеңе аласыз. Ұжымның бірлігінің сезімі өте маңызды, өйткені кейде қоғам мен білімнің алғашқы сатысы дәл осы балабақша болып табылады, олар отбасына осы қоғамға және осы әлемге енгендерін көрсете алады. Оар енді әлеуметтік салаларға бет бұрудан, балаларын мектепке апарудан және оларды қарым-қатынас әлеміне белсенді түрде тартудан онша қорықпайды.

19-слайд

11. «Кенгуру»жаттығуы

Мақсаты: басқаларға деген эмпатия сезімін дамыту, ағаруда агрессивті тенденциясын түзетеді.

Қатысушылар белдеріне мойынсалғыш не орамал байлап алады, «ол «кенгурудың қалтасы» ретінде болу керек. Оған баласын- жұмсақ ойыншық аңды отырғызады. Жүргізушінің нұсқауы бойынша баласын түсіріп алмай, белгілі жерге дейін жүгіре жөнеледі. Қолымен ұстауға болмайды. Ең жылдам әрі қамқор кенгуру жеңіске жетеді.

Жүгірушілер туралы тарих: Бірнеше жыл бұрын Сиэтлдегі параолимпиадалық ойындарда тоғыз жүйрік (ақыл-ойы мен дене кемістігі бар) 100 метрлік старт сызығында сап түзеді. Сигналдың атысы естілді, олар алға қарай ұмтылды – тез жүгірді деп айта алмайсың, бірақ мәреге жетіп, жеңіске жетуге тырысты. Сүрініп, құлап қала жаздаған бір жігіттен басқалары мәреге жетуді көздеді. Жігіт теңселіп, екі қадам жасағаннан кейін жылап қойды. Қалған сегіз қатысушы оның жылағанын естіді. Олар жүгірісті баяулатып, тоқтады да, бұрылып, артқа қарай жүгірді. Бәрі де! Даун диагнозымен ауыратын қыз байғұсты сүйіп алды да: «Мынау сені емдейді!»-деді. Сосын тоғызы қол ұстасты да, мәреге бірге жетті. Стадиондағы барлық көрермен он минут түрегеп тұрып қол соқты.

Педагог-психолог осы іс-шараға баға беруін ұсынады:

Жалпы мәдениеттіліктің пайдасы - 0% - 100%

Тәжірибеліктің пайдасы –

Ақпараттың жаңалығы –

Іс- шараның сапасы –

Мазмұнын меңгергені -