Тәрбиеленушілер балабақшаға келгеннен бастап ата-аналары немесе ата-анасын алмастыратын тұлғалар балабақша ережесімен таныс болуға міндетті.
Әр балабақшаның өз ережелері бар, ол ережелерді сақтау бізге тату және еш мәселелесіз жұмыс жасауға көмектеседі. Біздің ережелеріміз қаншалықты қатаң болмаса да, олар біздің балабақшамызда тәртіпті орнату мақсатында әзірленген.
1. Ата-аналар белгіленген күн режимін бұзбай, баланы балабақшаға 8.00-ден кешіктірмей әкеліп, балабақшадан 18.00-ден кешіктірмей әкету керек.
2. Ата-аналар баланы бөгде адамдарға, оның ішінде 18 жасқа толмаған адамдарға, баланы балабақшаға ертіп жіберуге немесе балабақшадан алып кетуге болмайды. Әр ата-ана баласын өзі тәрбиешіге әкеп тапсырып, өзі алып кетуге тиіс. Ішімдік ішіп келген тұлғаға бала тапсырылмайды. Ата-анасын алмастыратын тұлғалардың балаға нотариалды куәландырылған сенімхаты болуы тиіс.
3.Ата-ана баласын балабақшаға дені сау, ұқыпты күйінде, таза киіммен әкелуге тиіс. Сонымен қатар киімнің қосалқы жиынтығы: ауыстыратын аяқ киімі, дене шынықтыру киімі мен аяқ киімі болуы керек.
4.Балабақшаға келер алдында бала өзімен қандай зат алып жатқанын қатаң бақылауға алу керек, қауіпті заттар әкелуге болмайды. Үйден әкелген ойыншық, қымбат заттардың (зергерлік бұйымдар, ұялы телефондар және т.б.) сақталуына тәрбиеші жауап бермейді.
5.Ата –ана уақытында (9.00-ге дейін) баланың балабақшаға бармайтыны, оның ауырып жатқаны жайында хабарлауға тиіс. Бала ауырып болғаннан кейін медициналық анықтаманы уақытында әкелгені абзал, балабақшада 3 күннен артық уақыт болмай ауырған жағдайда және демалыста болған кезде педиатр- дәрігерден анықтама әкелуге тиіс.
6. Баланың аурудан немесе демалыстан кейін балабақшаға баратыны туралы бір күн бұрын хабарлаған дұрыс.
7. Бала ұзақ уақыт (ата-аналардың еңбек демалысы немесе санаторийге барар кезде) балабақшаға келмейтіні туралы басшыны (жазбаша) хабардар ету керек.
8.Ата-ана уақытында дәрігер ұсынысын орындау керек, 2 аптаның ішінде талап етілген құжатты тапсыруға тиіс.
9. Ата-ананың баланың туған күнін атап өту үшін әртістерді шақырып, топқа тәттілер әкелуіне болмайды.
10.Мекенжайын, телефон нөмірін, жұмыс орнын ауыстырып жатқан жағдайда тәрбиешіні міндетті түрде ескерту керек.
11.Балабақшаның оқу- тәрбие жұмысы бойынша мәселелерге тек қана тәрбиеленушілердің ата- аналары (заңды тұлғалар) араласа алады (ата- әжелер араласа алмайды).
12.Ата-аналар балабақшаның қызметкерлерімен сыпайы қарым-қатынаста болу керек, балалардың немесе бөгде тұлғалардың қатысуымен даулы мәселелерді шешепеген жөн.
13.Тәрбиешінің рұқсатынсыз далада жүретін аяқ киіммен топтағы ойын, асхана бөлмелерін немесе әжетхананы аралауға тыйым салынады.
14. Ата –ана әр айдың 25- не дейін балабақшада баланың оқуы мен бағып-күтуіне ата-аналық ақысын төлеуі тиіс. Еңбек демалысы немесе емделуді жоспарлау кезінде ата-ана толық төлемақы жасайды.
15.Ата-ана балабақша Жарғысын, ата-аналар үшін Ережені, ішкі тәртіп Ережесін, ата-ана мен балабақша арасындағы сенімхат шартын ұстануға тиіс,
Осы ережелер келеңсіз жағдайлар тудырмауға және жағымды қарым-қатынас орнатуға көмектеседі деп сенеміз.