БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 68 «Балбұлақ» балабақшасы өз бүлдіршіндеріне және ата-аналарға 2013 жылдың 05 наурыз айынан бастап өз есігін айқара ашып осы күнге дейін жұмыс жасап келеді. Балабақшада 12 топ жұмыс жасайды, оның ішінде 10 қазақ тобы , 2- орыс тобы және 300- ден астам бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Білім беру процесін 25 педагог жүргізуде, балабақшаның педагогтарының жетістікке жетудегі негізгі ұстанымы балаларға деген махаббат, шығармашылыққа деген ұмтылыс және көтеріңкі көңіл күй. Балаларды оқытуда инновациялық технологиялар жұмыста тиімді қолданылады. Оны интерактивті тақталармен жабдықталған, Воскобович әдістемесі бар және «Сиқырлы қалам», «Ақылды балапан», «Электронды қазақ үй» оқу қызметтерінде, балабақша өмірінде жиі қолданылуынан көрумізге болады.

Балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау және баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйрету қарастырылған.

Біз сіздерге және балаларыңызға әрдайым қуаныштымыз!