Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік - ең алдымен халқымыздың бақыты.

Өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымызі төл теңгеміз бар. Балабақшаның тәрбие жүйесінің басым бағыттарының бірі – балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарттарының бірі өзіміздің ұлттық мәдени-генетикалық кодымызды сақтау екендігін атап өтті, отансүйгіштік оның іргетасын қалайды.

Тәуелсіздік күніне орай балабақшамыз қарап отқан жоқ. Атаулы мерекемізді 10 – 14 желтоқсан аралығында патриоттық  іс-шара өтті. Шынымен де, «Тәуелсіздік –ел тірегі, білімді ұрпақтың өз еліне» деген үлкен сүйіспеншілігінен туындаса керек, әр тәрбиеленуші деген құрмет сезімдерін осы ретте ерекше білдірді. Әр топтың ертеңгілігі Әнұранды орындаумен басталды. Кішкентай бүлдіршіндердің әнұранды орындағанын естігенде ерекше сезімге бөленесің. Әрі жалғасып «Қазақ халқы» атты бейнебаян көрсетіліп, балалар «Шаңырақ», «Бәйтерек», «Менің тұлпарым», «Батырлар» биін сомдаса, би соңында қыздарымыз батырлар портреттерін алып шықты. Бүлдіршіндер «Қазақстанның болашағы» атты көрінісін көрсетіп бір марқайтып қойды.  Бұл мерекеде балалармен қызықты ойындар ойнатылып, сұрақтар қойылды. Мереке балалар үшін өте көңілді үлгі боларлық және қызықты болып өтті.

Және де балабақша ішінде әдетінше өткізілетін сурет, «Қалдық заттардың екінші өмірі» тақырыбында қолөнер көрмелері де қалыс қалған жоқ. Жасалған бұйымдардың тақырыбына заты сай мазмұнын ашып тұр. Бұндай заттарды жасап балаларға түсіндіріп, әрдайым көмек беріп жүрген ата-аналарға ұжымның алғысы шексіз

Отанның қадірін ұғындыру,ар,намыс,ождан,сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір педагогтың міндеті.

Leave your comments

Post comment as a guest

0

Comments (952)

Load Previous Comments