«Алтын күз» келді бақшама

Жуырда балабақшамызда балапандардың қатысуымен «Алтын күз» мерекесі аталып өтті.

Шараға тәрбиешілер мен балғындар қатысты. Шараны ұйымдастыру мақсаты – тәрбиеленушілілер санасына күз- байлық, күз – береке, күз – молшылық, күз – шаттық, күз-қуаныш екенін жеткізіп, балаларға жақсы көңіл күй сыйлау мен қызығушылықтарын арттыру, күз мезгілінің ерекшелігімен, астықтармен таныстыру болды.

Аталмыш мереке барлық топтарда өздерінше аталып өтті, балалар жоғары дайындықпен келген. Ең алдымен І кіші, ІІ кіші топтарда өткізілді.

 Ертеңгілік «Шалқан» ертегі желісімен өткізілді. Атасы Шалқанды алуға әр кейіпкерді шақырған сайын балалардан әннен, биден көмектесулерін сұрап, өнерлерін тамашалады. Сонымен мерекеміз тоқтап қалмай ересек, мектепалды даярлық топтарында өз деңгейлеріне қарай жоғары дәрежеде аталып өтті. Алтын күзге байланысты тақпақтарын оқып, бау-бақша жемістеріне байланыста қойылған жұмбақтарды шешіп, түрлі көріністер мен үздік сән үлгісін көрсетті. Сонымен қоса балалардың асыға күткен мерекесі «Қалдықсыз заттардың екінші өмірі» деген атаумен ұйымдастырылған көрмемен жалғасын тапты. Кіп-кішкентай болса да бойларында таудай талабы бар әр баланың бойындағы өнерін көрсетуге ықпал еткен тәрбиешілер мен музыка,хореография жетекшілерінің екбектерін айтып өткен жөн.

Осындай берекелі мерекеге атсалысқан ата-аналарымызға да алғысымызды білдіреміз! Бала тәрбиесі – баршаның ісі екенін ұмытпайық.

Leave your comments

Post comment as a guest

0

Comments (905)

Load Previous Comments