«Табиғатты аялайық»

Халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды.

Ғылыми-техникалық ревалюция болды. Көптеген өнеркәсіп іске қосылды.

Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын ашкөздікпен табиғатты тонауы, айналадағы жаратылыстың тепе-теңдік заңдарын бұзды. Осылардың нәтиежесінде жеріміздің ауасы тарылып,өзен-көлі бүлініп,жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Енді табиғат адамнан араша күтіп тұр. Ал табиғатты қалай қорғауға болады? Бұл өте күрделі мәселе. Осы мәселені шешу үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, тәрбиелеу керек. Балабақшадан бастап адамдардың табиғатты, қоршаған ортаны аялау керектігін түсіндіру керек.              

Егер біз жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесек көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Дәл осы қағиданы алға тартқан №68 «Балбұлақ» балабақшасы 8-12 қазан аралығында «Табиғатты аялайық» акциясын жариялады. Акцияға тәрбиеленушілер, ата-аналар, ұжым түгелдей ат салысты. Аптаның бастапқы күні сауалнама жүргізілді, «қалдық заттардың екінші өмірі» бұйымдар жасалынды. Аптаның соңында ата –аналармен «Өзіңнен баста-өзгерер айнала» тақырыбында сенбілік жасалды. Әр топ қолдарына «Таза болса табиғат, аман болар адамзат», «Адамның табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ», «Табиғатты қорғайық» деген секілді қолдарына ұрандарымен шықты. Балалар да ата-аналар да шараға қуанып ат салысып,тағы да осындай шаралар көбиуін өтінді.

             

Leave your comments

Post comment as a guest

0

Comments (1655)

Load Previous Comments