Ата-аналар жиналысы

Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. «Баламның табанына кірген шөңге маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзент ауырып

, не басқа бір қатер төңгенде мойындарына бұршағы салып, «Өзімізді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы , адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бала тәрбиесі-қызығы қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл,анадан мейірім алады. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана. Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар.

         «Жас көңіл тың жер тәрізді,

Не ексең сол шығады, әрі мол шығады» деп әйгілі, атақты Ғабиден Мұстафин айтқандай отбасы – баланың тәрбиесінің айнасы.

Біздің №68 «Балбұлақ» балабақшасында ата-аналар тығыз байланыста жұмыс жасайды. Соның бір дәлелі 18-22 ақпан аралығында өткізілген дәстүрден тыс жиналысы. Әр топ жеке – жеке ата-аналарымыз нәтиежелі жұмыстар атқарды. Қарлығаш,Аққу,Балапан,Інжу-Маржан,Көжек топтары театрландырылған «қуыршақтар сөйлейді», «саусақтар сөйлейді», «таяқшадан қуыршақ жасай аламын» деген тақырыптарда түрлі керек заттарды ата-аналарға үлестіріп берді. Ата-аналар топқа бөлініп, сол жерде қолдан өздеріне бір ертегіні алып өз рөлдерін алып шықты. Және де үйлерінде де балаларға үйретіп қолдануға болатынын түсінді.

Ал, Бәйшешек,Ботақан,Жұлдыз, Құлыншақ Айгөлек топтары экологиялық тақырыптарда жиналыстарын жүргізді . Мәселен қалған қалдық заттарды іске асыруға болатынын айтып, ана-аналарға кажетті  қалған бір қолданбалы қасық,шанышқы,стакан, сок.шырындардың ыдыстарын  беріп олардан өздері  бұйым  жасап шығарды. Сонымен қатар Бәйшешек тобы топта балалармен бірлесіп егіп өсірген қияр мен ақжелкендерін көрсетті.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандыққа қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, -дегендей, баласының ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүрінбейтін ата –ана жоқ шығар сірә. Ал біздің ата-аналарымыз тіпті белсенді екенін мақтанышпен айта аламыз.

Leave your comments

Post comment as a guest

0

Comments (515)

Load Previous Comments