Наурыз мейрамы

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы ең ежелгі мерекелердің бірі. Жыл басы Наурызды тойлау атадан қалыптасқан дәстүр бойынша жүзеге асады.

         №68 «Балбұлақ» балабақшасы да бұл мерекені тойлаудан шет қалмады. Балабақшамызда мерекеге арналған кезекті ертеңгіліктер ұйымдастырылды. «Жыл басы – Наурыз» атты тәрбие сағаты І кіші, ІІ кіші топтарда өтті. Топ бүлдіршіндері мен тәрбиешілері бірлесе отырып ұлттық ойындар ойнатып, билерін билетті.

         Біз «Жыл басы – Наурыз» ертеңгілігін «Алтын сақа» ертегісінің желісінде бастауды жөн санадық. Ең біріншіден, бұл балаларды ұжымдық жұмысқа үйретеді, жақсылық пен жамандықтың ара жігін көре білуге шақырады, - деп түсіндірді ересек топ тәрбиешілері. Сонымен қатар бүлдіршіндер баланы бесікке салу салтын көрсетті. Бесік – нәрестені бөлеуге арналған, көшпелі халықтың тұрмысында аналар үшін қажетті, қолайлы жабдық.

Тіпті ата –аналарымыздың ішінде «Тұсаукесу» рәсіміне дайындалып келгендері де болды. Баланың тұсауын беделді, өз аяғынан тұрған өзіне жақын тартқан кісіге кестірген. Ата – аналарымыз бұл рәсімді меңгеруші Қарашаш Қамидоллақызына ұсынды, яғни немересінің тұсауын балабақшамызда кесті.

Балабақшамызда өткізілген «Жыл басы – Наурыз» мерекесі жақсылық пен жамандықтың айырмашылыған түсініп, қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарын, ән мен билерін, тіпті оркестрлерді нақышына келтіріп атап өттік.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, саналы әдет-ғұрыпты білетін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ұрпақты тәрбиелеу балабақша қабырғасынан басталады. Сондықтан біздің балабақша салт-дәстүрге, төл мерекеге мейлінше көңіл бөлетіні қуантады.

Leave your comments

Post comment as a guest

0

Comments (904)

Load Previous Comments