8 наурыз Халықаралық аналар мерекесі

Көктем мезгілімен қатар келген 8 наурыз Халықаралық аналар мерекесін атап өттік.

Мерекеге барлық топтар ертеңгіліктеріне сақадай сай дайындалған. Әр ертеңгілік басында балабақша меңгерушісі Қарашаш Қамидоллақызы, әдіскер Нұргүл Тұрғынқызы сөз сөйлеп ару қыздарды, аналарымызды мерекемен құтықтады.

Кіші топтар көктем мезгілінде гүлдерге келетін көбелек бейнесімен шығып би билеп, ән айтып, тақпақтарын аналарына арнады.

Ересек, мектепалды даярлық топтар аналарға қойылымдар қойды. Көріністер бірі көңілді босатса, бірі өмірде болып жатқан балаға көңіл бөлмей аналардың телефон қарап кеткендерін естеріне салды. Енді бірі «ананың көңілі –балада, баланың көңілі – далада», деген мақалды алға тартып «Үш ана» көрінісін де қойды. Басты мақсаты балаларға аналарымызды, қыздарымызды, әпкелерімізді қалай сыйлап құрмет көрсету керек екенін түсіндіру.

Leave your comments

Post comment as a guest

0

Comments (876)

Load Previous Comments