Қош келдің, Жаңа жыл!

Бірлігі мен ынтымағы жарасқан №68 «Балбұлақ» балабақшамыз тағы бір жылды артқа тастап, 2019 жылды қарсы алды.

Жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болған өткен жылға өкпеміз жоқ. Жақсылықтың жаршысы болып келген ит жылы да жылыстап тарих қойнауына бет алды. Осы орайда, ит жылын шығарып тастап, доңыз жылын қарсы алу мақсатында балабақшамызда «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгіліктер болып өтті. Әдемі безендірілген, түрлі-түсті жарықпен көмкерілген зал, бір-бірін құтықтасқан топтар барлығы Жаңа жылдың шырайын кіргізіп тұрді.

         Балабақша меңгерушісі Асанова Қарашаш Қамидоллақызы әр топтың ертеңгілігіне қатысып, мерекелік шараға жиналған бүлдіршіндерді және олардың ата-аналарын келе жатқан Жаңа 2019 жылмен құтықтады. Балалар күтетін басты қонағы Аяз ата мен Ақшақарға арнап балақайлар тақпақтарын айтты. Балғындар шыршаны айналып, ән шырқап, би биледі.

         Мереке барысында көңілді сайқымазақтар мен әртүрлі жан-жануарлардың бейнесіндегі әртістер(тәрбиешілер) қойылымдар қойып, аққала жасап, балалар мен ата-аналармен түрлі ойындар ойнатылды. Кіші топтар жасына сай би билесе, ересек, мектепалды даярлық топтар ертегі желісінде өздері сахналап, қойылым қою арқылы Аяз ата мен Ақшақарды қиындықтардан құтқарып қарсы алды.

         Балабақшамыздан арнайы балаларға сыйлықтар таратылды.

Leave your comments

Post comment as a guest

0

Comments (923)

Load Previous Comments